Қазақстан туристік сапарлар үшін ең арзан елдердің қатарына енді

0
335

Еуропа елдері арасында ең қымбаты Швейцария.


Қазақстан туристік сапарлар үшін ең арзан елдердің қатарына енді

Фото: canva.com

ERNUR.KZ. 2024 жылғы қолжетімді бағыттар рейтингінде біздің еліміз екінші орынды иеленді. Зерттеуді HelloSafe аналитиктері жүргізді. Олар 136 елдің тұрғындары мен тамақтану, көлік шығындарын бағалады, деп жазады inbusiness.kz.

Мәліметтерге сенсек, ең арзан ел ретінде Лаос аталды. Онда турист күн сайын шамамен 6 мың теңге жұмсайды. Қазақстан екінші орында, ал елімізге келген туристке күніне 9 мың теңгеден сәл аз жұмсау керек. Үшінші орынды Руанда мен Гана бөлісіп тұр.

Сонымен қатар сарапшылар қай елдерге саяхаттау ең қымбатқа түсетінін анықтады.
Бірінші орында Барбадос тұр, бұл елдің қонақтарына күн сайын 160 мың теңгеден астам қаржы жұмсауға дайын болу қажет.

Еуропа елдері арасында ең қымбаты Швейцария. Мұнда күнделікті бюджет 127 мың теңгеге жуықтайды