Қазақстан туы бейнеленген дәретхана жабдықтары жұрттың ашуына тиді

0
4 029

Сатылымда Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген сүлгі де бар.


Қазақстан туы бейнеленген дәретхана жабдықтары жұрттың ашуына тиді

ERNUR.KZ. Әлемдегі ірі Amazon компаниясында жаңа тауарлар сатылымға шықты. Оның қатарында Қазақстан туы бейнеленген дәретхана жабдықтары бар, деп жазады kaz.nur.kz.

Онлайн дүкенде сатылымға шыққан ерекше тауар жайлы желі қолданушылары жазды.

Оларды сатушылардың Қазақстанның мемлекеттік рәмізін дәретханаға немесе аяқ астына қоюға ұсынып отырғаны қынжылтқан. Қазақстандықтардың ашуына тиген тауар шамамен 17 доллар, яғни, 7 мың теңгені құрайды.

Анықталғандай, Қазақстан туы тек дәретхана заттарында емес, қол сүртетін орамалдарда, ванна сүлгісінде, ваннаға арналған перде мен кілемшеде бар болып шықты.

Сатылымда Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген сүлгі де бар.




Айта кетейік, Қазақстанда мемлекеттік рәміздерді құрметтемегені және мазаққа айналдырғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жаза қарастырылған.

Бұл туралы желі қолданушылары да айтып жатыр. Олар дүкенде сатылатын тауарларға да, әрекетсіз отырған билікке де ашулы.



"Билік қайда қарап отыр? Мына сұмдыққа неге шара қабылдамайды?", "Не деген масқара? Қандай ақымақ сатып алады?", "Ішкі істер министрі, қайдасыз?", "Бұл нағыз бассыздық", "Бізді осылай күлкіге айналдырып отыр ма? Неге?" деп жазды желіде қазақстандықтар.

Дүкен ассортиментінде Қазақстанға қатысы бар тағы бірнеше тауарды байқауға болады. Мәселен, Қазақстан туының өрнегі бейнелген перде түрлі-түсті болып берілген.



Дүкен қазақстандықтарға ұнайтын тауарларды да сатып жатыр. Мәселен, Үлкен Алматы көлі, Шарын каньоны және Қазақстанның флорасы мен фаунасы өкілдері мен бүркітшінің суреті бар перделер сатылымға шыққан.