Қазақстан үкіметі аппаратының штаты кеңейтілді

0
383

Қаулы 2024 жылғы 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді.


Қазақстан үкіметі аппаратының штаты кеңейтілді

ERNUR.KZ. Үкімет Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының мәселелері бойынша 2024 жылғы 14 маусымдағы қаулыны қабылдады, деп жазады zakon.kz.

Түзетулермен оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемені ескере отырып, Үкімет аппаратының штат санының лимиті 589-дан 593 бірлікке дейін ұлғайтылды.

Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің штат саны 332-ден 336-ға дейін кеңейтілді.

Қаулы 2024 жылғы 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді.