ERNUR.KZ. 6 сәуірде, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп жазады Tengrinews.kz.
Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия биылғы 11 сәуірден бастап Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанмен құрлықтағы өткізу пункттерінде ҚР азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдіктердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуіне қойылған шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады.
Вице-премьер өз сөзінде мемлекеттік шекараны ашу мәселесі Мемлекет басшысының тұрақты жеке бақылауында екенін айтты.
Отырыс соңында Е.Тоғжанов әкімдіктерге коронавирус инфекциясына қарсы егу науқанын ерекше бақылауға алуды тапсырды және халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.


