Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қойды

0
1 311

​Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуының 26-жылдығына орай, БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Сыртқы істер министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қойды

фото : mfa.gov.kz

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуының 26-жылдығына орай, БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Сыртқы істер министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 9 қаңтардағы №617 Жарлығымен берілген өкілеттілікке сәйкес, Шартқа БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Қайрат Омаров қол қойды.

Ядролық қарусыздану тарихындағы алғашқы заңдық күші бар құжатқа айналған Шарттың мәтінін әзірлеуге және оның қабылдануына Қазақстан белсенді түрде қатысып келді. Құжаттың негізгі ережелері әлемдегі төртінші ең ірі ядролық арсенал иесінен ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы көшбасшы мемлекетке айналудың өнегелі жолын көрсеткен Қазақстанның қағидатты ұстанымына жауап береді. Еліміздің мұндай ерен жетістіктері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі ең ірі екінші ядролық полигонды жабу, Қырғи-қабақ соғысының ядролық мұрасынан бас тарту сияқты тарихи шешімдерінің арқасында мүмкін болды. Ядролық статустан арылуымыз кездейсоқ шешім болған жоқ, керісінше ядролық сынақтардың бар қасіретін өз көзімен көріп, үшінші буындағы ұрпақтарымыздың осы қарудың ауыр салдарын басынан өткеруін жете ұғынған жауапты мемлекеттің аңдап басқан қадамы болды.