Қазақстан «жасыл» аймақта орналасқан – ДСМ

0
628

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес бүгінгі күні 15 өңір және «жасыл» аймақта орналасқан.


Қазақстан «жасыл» аймақта орналасқан – ДСМ

ERNUR.KZ. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев Қазақстан «жасыл» аймақта орналасқанын мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес бүгінгі күні 15 өңір және «жасыл» аймақта орналасқан. Екі өңір – Солтүстік Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан қаласы сары аймақта, - деді ол.

Репродуктивті көрсеткіш 0,96-ды құрайды.

Сөзінше, емделіп шыққан адамдар санының науқастардан басым болуы тұрақты эпидемиологиялық жағдайды көрсетеді. Қыркүйек айынан бастап емделіп шыққан адамдардың саны науқастардан 30%-ға артқан, - деп айтты Жандос Бүркітбаев.