Қазақстан ЖИ енгізу бойынша ТОП 50 елдің қатарына кірді

0
271

Халықаралық валюта қорының зерттеуінше, әлемдегі жұмыспен қамтудың 40 пайызына жасанды интеллект әсер етеді.


Қазақстан ЖИ енгізу бойынша ТОП 50 елдің қатарына кірді

Фото: freepik

ERNUR.KZ. Қазақстан жасанды интеллект енгізуге дайындығы бойынша ТОП 50 елдің қатарына кірді, деп жазады zakon.kz.

Халықаралық валюта қорының зерттеуінше, әлемдегі жұмыспен қамтудың 40 пайызына жасанды интеллект әсер етеді.

Қазір жасанды интеллект экономиканың барлық салаларында кеңінен енгізіліп жатыр. Болашақта цифрландырудың жаңа тәсілі жаһандық экономикаға оң әсерін береді деп сенеді.

Мамандар жасанды интеллект 2300 жылға қарай адамдарға бәсекелестік тудырып, әлемдік экономикаға жылына 4,4 триллион доллар пайда беруі мүмкін деп болжады.

Еліміз жаңа технологияны әзірлеп, дамытуда озық елдер санатына ілікті. Яғни көш басында тұрған 50 мемлекет болса, Қазақстан 48-орынға ие болды.