Қазақстанда 15 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

0
420


Қазақстанда 15 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

ERNUR.KZ. Қаржы министрлігі 15 шілдеден бастап темекінің ең төменгі бағасы 820 теңгеге өсетінін мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.



“Ең төменгі бөлшек бағалар келесідей: сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 (жиырма) папиростар, сигариллаларға және қыздырылатын темекі бұйымдарына 2024 жылғы 15 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда - 820 теңге, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 870 теңге”, – делінген хабарламада.




Қазір темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы – 770 теңге. Қаржы министрлігі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкасы өткен жылмен салыстырғанда 12,8%-ға өскенін атап өтті.