Қазақстанда 16 мыңнан астам шетел азаматы еңбек етіп жүр

0
459

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 883 жұмыс беруші бар.


Қазақстанда 16 мыңнан астам шетел азаматы еңбек етіп жүр

ERNUR.KZ. 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 16 190 шете азаматы жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруда, деп жазады ҚазАқпарат.

Шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 650 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 253 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 779 адам және 697 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 912 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 899 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 883 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 479 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды.

Еңбек мигранттары шығатын негізгі елдер: Қытай – 3 807 адам, Өзбекстан – 1 938 адам, Түркия – 1 759 адам, Үндістан – 1 075 адам, Ұлыбритания – 962 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.