Бірегей Data Matrix кодын қолданатын цифрлық таңбалау препараттың бүкіл өмірлік циклін – өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін бақылауға мүмкіндік береді.
ERNUR.KZ. Оның 152 млн елімізде дәрілік заттарды міндетті таңбалау енгізілгеннен кейін таңбаланды. Бұл ретте дәрілік заттардың 16 млн қаптамасы таңбаланып, дәріханалардың бөлшек сауда желісіне енгізілді, бұл ақпараттық жүйеде препараттардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі бүкіл қозғалыс жолын бақылауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Бірегей Data Matrix кодын қолданатын цифрлық таңбалау препараттың бүкіл өмірлік циклін – өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін бақылауға мүмкіндік береді.
Кодта маңызды ақпарат бар: препараттың атауы, сериясы, өндіруші туралы деректер, жарамдылық мерзімі және басқа мәліметтер. Бұл заңсыз айналым мүмкіндігін жояды және тұтынушыларды сапасыз және жалған дәрі-дәрмектерден қорғауды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда дәрілік заттар айналымының барлық қатысушылары таңбалауды енгізу бойынша жұмысты аяқтады, атап айтқанда:
● 19 отандық өндіруші;
● 278 көтерме сауда субъектісі;
● 3 169 дәріхана және бөлшек сауда нүктесі.
2024 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда барлық дәрілік заттарды міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. Бұл шара контрафактілік өнімдермен күресуге және дәрі-дәрмектер нарығының ашықтығын арттыруға бағытталған.
Цифрлық таңбалау – бұл азаматтардың денсаулығын сақтауға және Қазақстан нарығында дәрілік заттардың сапасына деген сенімді арттыруға жасалған маңызды қадам.
Қазақстанда дәріханаларға көмек көрсету үшін NS Pharm тегін мобильдік қосымшасы әзірленді. Бұл таңбаланған тауармен жұмыс істеуді жеңілдетеді және процесті шағын дәріханалар, соның ішінде ауылдық және шалғай аудандар үшін де қолжетімді етеді. Фармацевтикалық бизнеске арналған бұл заманауи цифрлық шешім барлық заңнамалық талаптарға сәйкес келеді, жабдыққа арналған шығыстарды азайтады және күрделі IT-қолдау қажеттілігін жояды.