Жергілікті әкімдік жұмысты жүйелі жүргізбегендігі айтылды.
Фото: Мәжіліс
ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ведомство басшысы ретіндегі алғашқы іссапарын Жамбыл облысынан бастайды, деп жазады inbusiness.kz.
Тілшілер оқушылар арасындағы төбелес азаймай тұрғанын айтты.
Министрдің айтуынша, 3 қараша күні Жамбыл облысына барады.
"Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің есебі, сонымен қатар Бас прокуратураның есептері бар. Соның негізінде мектептерге барғымыз келеді. Бұдан бөлек прокуратура, ІІМ, Мәжіліс, Сенат депутаттарымен бірлесіп үйлестіру кеңесін өткіземіз. Сіз айтқан құқықбұзушылықтардың барлығы бұрын-соңды болған. Балалардың біразы тәуекел тобында тұрған. Оларға ұсыныстар да айтылған. Бірақ, ең бір өкініштісі, жергілікті атқарушы органдардың орталық мемлекеттік органдардың, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің, ІІМ-нің ұсынымдары бойынша жұмысты жүйелі жүргізбеуіне байланысты осындай құқықбұзушылықтар орын алып отыр. Сондықтан да іссапарым Жамбыл облысынан басталады", – деп атап өтті министр Мәжіліс кулуарында.
Оның айтуынша, басты мәселе – оқушылар арасындағы құқықбұзушулықты болдырмаудың жолдарын саралау.
Айта кету керек, бұған дейін Жамбыл облысында 1 қыркүйектен бері 2 жасөспірім төбелестен көз жұмғанын жазғанбыз.