Қазақстанда 20 жылдық өтілі бар шенеунік лудомания кесірінен қызметінен айырылды

0
104

Ойын шотын толтырудың жалпы сомасы 7,7 миллион теңгеден асқан.


Қазақстанда 20 жылдық өтілі бар шенеунік лудомания кесірінен қызметінен айырылды

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Жетісу облысында екі шенеунік сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтамағаны үшін қызметінен босатылды. Бұған олардың құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқаны себеп болған, деп жазады tengrinews.kz.

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын сақтау бағытында талдау жүргізді. Тексеріс барысында жекелеген қызметкерлер өз смартфондары арқылы букмекерлік кеңселерде тұрақты түрде бәс тігіп келгені анықталды.

Ойын шотын толтырудың жалпы сомасы 7,7 миллион теңгеден асқан.

"Тәртіптік комиссияның шешімімен екі лауазымды тұлға атқарып отырған қызметтерінен босатылды. Олардың бірі – еңбек өтілі 20 жылдан асатын аудандық бөлімше басшысы", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салатын заң 2024 жылдың қыркүйегінде күшіне енді. Шектеуді сақтамаған жағдайда оларды жұмыстан шығару көзделген.