Қабылданған шаралардың арқасында ЖЖМ нарығындағы жағдай тұрақтанды.
ERNUR.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде өткізген кеңесінде жанар-жағармай материалдары нарығындағы жағдай тұрақтанғаны айтылды, деп жазады ulysmedia.kz.
Қабылданған шаралардың арқасында ЖЖМ нарығындағы жағдай тұрақтанды.
«Бүгінде барлық МӨЗ тәулік сайынғы өндіріспен және ашық түсті мұнай өнімдерін ішкі нарыққа жөнелтумен штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Биылғы 19 қарашадағы жағдай бойынша мұнай өнімдерінің жеткілікті жиынтық қоры – 200,6 мың тонна бензин және 215,8 мың тонна дизель отыны қалыптастырылды, бұл елдің 15 тәуліктік қажеттілігін өтеуге жеткілікті», - делінген хабарламада.