Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға микронесие беруге тыйым салынуы мүмкін

0
3 362

Құжат 28 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.


Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға микронесие беруге тыйым салынуы мүмкін

ERNUR.KZ. 21 жасқа толмаған азаматтарға микронесие беруге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ашық талқыға шығарған қаулы-жобасында жазылған, деп жазады Stan.kz.

"Атаулы әлеуметтік көмекті және 21 жасқа толмаған қарыз алушының кірісін бағалау ресми кірісі негізінде айқындалады. Қарыз алушының орташа ай сайынғы кірісі оның өтініш жасау алдындағы қатарынан 6 айдағы қатынасы ретінде есептеледі", - делінген "Ашық" НҚА порталында жарияланған құжатта.

Қаулы жобасына қосымша берілген түсіндірмеде жазылғандай, бұл бастама 21 жасқа толмаған тұлғаларға микронесие беруді шектеу мақсатында енгізілмек.

"Жоба 21 жасқа толмаған адамдарға микрокредит беруді шектеу мақсатында, сондай-ақ осындай қарыз алушыларды қорғау мақсатында әзірленді. Сонымен қатар, жобада тұтынушылық несиелеуде тәуекелдердің өсуіне жол бермеу мақсатында борыштық жүктеме коэффициентін есептеуге қойылатын талаптарды қатаңдату көзделген", - деп түсіндірме берілген қаулыға.

Құжат 28 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.