Қазақстанда 27 мамырдан бастап "Жазғы мектеп" басталады

0
589

Негізгі мақсат – оқушылардың білімінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыру арқылы білім сапасын арттыру.


Қазақстанда 27 мамырдан бастап

2024 жылдың 27 мамыры мен 31 мамыры аралығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің және қыста қашықтықтан оқытуды аяқтаған мектеп оқушылары үшін "Жазғы мектеп" басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27-31 мамыр аралығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі және қыс мезгілінде қашықтықтан оқу форматы жүргізілген оқушылар үшін "Жазғы мектеп" басталады.

Негізгі мақсат – оқушылардың білімінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыру арқылы білім сапасын арттыру.

"Су тасқыны орын алған өңірлердегі 2 622 мектептің оқушылары үшін "Жазғы мектеп" аясында өз уақыттарын пайдалы өткізу мүмкіндігі берілуде. Оқыту икемді кесте бойынша қызықты форматта ұйымдастырылады. Жазғы мектеп су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұратын, сондай-ақ қыс мезгілінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқытудан өткен 832 мың оқушыны қамтиды деп жоспарлануда. Оқуға балалардың қызығушылығын тудыру мақсатында мұғалімдер баға қоймайды және үйге тапсырма бермейді", - дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Айта кету керек, "Жазғы мектепке" балалар өз еркімен және ата-аналарының келісімі бойынша қабылданады.

Бұған дейін Білім министрі Ғани Бейсембаев қазақстандық мектеп оқушылары биылғы жазда қайда демалатынын айтқан болатын. Оның айтуынша, 10 743 демалыс орнында 2,9 миллион бала жазғы демалысын өткізеді.