Қазақстанда 300-ден аса ұн тартатын кәсіпорын бар.

0
2 729

Отандық ұнның сапасы жоғары Жыл сайын елімізде 8,5 млн тонна бидай және тартылған бидай сыртқа экспортталады.


 Қазақстанда 300-ден аса ұн тартатын кәсіпорын бар.

ERNUR.KZ. Иран Ислам Республикасы қазақстандық және ресейлік бидайды импорттауға мүдделі. Айта кетерлігі, бұл ел өзін бидаймен толықтай қамтып отыр. Бүгінде олар 12 млн тонна дәнді-дақыл өндіреді, жеп жазады 24.kz.

Ирандықтар импортталған бидайды қайта өңдеп, шекаралас елдерге экспорттап отыр. Бұл әлемдік сұраныстың 70 процентінен асады.

Отандық ұнның сапасы жоғары Жыл сайын елімізде 8,5 млн тонна бидай және тартылған бидай сыртқа экспортталады. Бүгінде Ресей, Түрікменстан, Моңғолия, Қытай, Біріккен Араб Әмірлігі, Ауғанстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан Қазақстанда жасалған ұнды тұтынып отыр. Кәсіпкерлер тұтынушыларға ұнның үш түрін ұсынады. Басты өндіруші – Қостанай облысында отандық ұнның 28 проценті өндіріледі. Тізімді Шымкент пен Солтүстік Қазақстан облысы жалғайды. Жалпы, Қазақстанда 300-ден аса ұн тартатын кәсіпорын бар.

Онлайн сауда үлесі артып келеді

Бүгінде елдегі банктер интернет-сауданы дамытуға ден қоюда. 3 банктің онлайн дүкені бар. Олар арқылы тауарды бөліп төлеп не несие рәсімдеп ала аласыз. Өткен жылы елде қолма-қол төлемсіз 5,5 трлн тг-ге сауда жасалды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 есеге артық. Интернет арқылы төлем – 2,9 трлн тг, POS-терминал арқылы 2,3 трлн тг, басқа төлемдер 277,8 млрд тг-ге жетті. Деректер елдегі 10 млн интернет қолданушының 15 проценті ғана е-саудаға жүгінетінін көрсеткен. Былтыр электрондық сауда нарығының көлемі 101 миллиард теңгені немесе бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінің 2,9 пайызын көрсеткен.

Бүгінде Азия-Тынық мұхиты аймағы әлемдік электронды сауданың 50 пайызына ие. Алдыңғы орында – Қытай. Олар жыл сайын 681 млрд доллар табады.

АҚШ-та 438 млрд доллар, Ұлыбританияда 196 млрд доллар. Ал Еуропада сауданың бұл түрі ЖІӨ 5 пайызын құрайды. Индонезияда халықтың ғаламтормен қамтылу жағы небәрі 15 процентті құрйды. Дегенмен бұл елдің электронды саудасы жыл сайын 24,2 процентке артып келеді. Жалпы, әлемдік тұтынушылардың 53 пайызы сауданы әлеуметтік желілер арқылы жасайды.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры өткен жылғы сатып алулардың қорытындысы бойынша 51 миллиард теңге көлемінде қаржы үнемдеді. Бұған жүйені жетілдіруге бағытталған ауқымды жұмыстар себеп болған. Сонымен қатар холдинг ішіндегі сатып алуларды қысқарту арқылы 22 миллиард теңге қаржы үнемделген. Цифрлық технологияларды пайдалану және барлық сатып алу процесін толық автоматтандыру жүйесі қабылданған бір жыл ішінде құны 1 триллион теңге болатын сатып алулар жарияланып, 24 мың әлеуетті жеткізуші тіркелді.

Ал Қазақстан қор биржасында күндізгі сатылым бойынша АҚШ доллар 377 теңге 53 тиынға бағаланып отыр.