Қазақстанда 325 мың жұмыссыз әйел бар - министр

0
528

Басым бөлігі – баламен үйде отырғандар.


Қазақстанда 325 мың жұмыссыз әйел бар - министр

ERNUR.KZ. Елімізде жұмыссыз әйелдердің қатары неге азаймай тұр? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомство басшысының сөзінше, елдегі жұмыс күшінің 50 пайызға жуығын әйелдер құрайды.

"Олардың арасында балалармен отыратын азаматшаларымыз бар. Одан бөлек ауылды жерлерде тұратын әйелдер бар. Оларды жұмыспен қамту қиындау. Бұл да белгілі бір деңгейде әсерін тиігізіп отыр. Республика бойынша 50 жастан асқан 964 мыңға жуық әйел бар. Соның 325 мыңы – жұмыс істемейтіндер. Яғни, олар ешқашан жұмыс істемеген, еңбек өтілі жоқ. Басым бөлігі баламен үйде отырған азаматшалар. (...) Мемлекет тарапынан ашылатын жұмыс орындарына жұмыс істемейтін аәйелдерді тартуды қарастыратын боламыз", - деді министр журналистердің сауалына берген жауабында.