​Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады

0
109

Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың тұжырымдамасына сәйкес, 2030 жылға дейін елімізде жаңа су қоймаларын салу жоспарланып отыр.


​Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады

Фото: ОКҚ

ERNUR.KZ. Бұл жөнінде ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов мәлімдеді, деп жазады inform.kz.
Оның сөзінше, жаңа нысандарды салумен қатар, ескіргендері жөндеуден өтеді. Нақтырақ айтқанда, 37 су қоймасы және 110 құрылысжай реконструкцияланады. Сондай-ақ 14 500 шақырым су арнасы жаңғыртылып, 557 гидротехникалық құрылыстың жағдайына жан-жақты тексеріс жүргізіледі.
Сонымен бірге, Е. Ибрайханов министрліктің былтыр атқарған жұмыстарына тоқталды.
— ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025 жылы 147 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруды бастады. Оның ішінде 53 жоба аяқталды. Атап айтқанда, 677 шақырым ирригациялық жүйелерді жаңғырту, 4 су қоймасын (Қызылағаш, Киров, Қапшағай, Шар су қоймаларын) реконструкциялау, 15 топтық су құбырын салу-жөндеу, 3 құрылысжайды реконструкциялау жұмыстары жүргізілді, — деді вице-министр.