Қазақстанда әкімдерге жаңа өкілеттік берілмек

0
304

Бұл туралы бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.


Қазақстанда әкімдерге жаңа өкілеттік берілмек

ERNUR.KZ. Жаңа ереже бойынша үкімет жанындағы кеңестердің біріне Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерін кіргізу жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz.

Жаңа бастаманы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынған, құжатта әкімдерді үкіметтің технологиялық саясат жөніндегі кеңесінің құрамына енгізу ұсынылды. Аталмыш кеңестің құрамына президенттің ғылым және инновациялар жөніндегі кеңесшісі де кіреді.

Әзірге бұл кеңестің құрамына премьер-министр, барлық министрлер, сондай-ақ агенттіктер мен ұлттық компаниялардың басшылары кіреді.

Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, бұл атқарушы билік пен инновациялық сала өкілдерінің, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері арасындағы жұмысты үйлестіруге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, үкімет жанындағы "технологиялық саясат жөніндегі кеңес" 2022 жылы құрылған. Кеңес консультативтік-кеңесші орган қызметін атқарады және "мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру мақсатында" құрылған.

Заң жобасы 3 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.