Қазақстанда алғаш рет балалар ауруханасында ойын алаңы ашылды

0
714

Науқас балалардың 70 пайызы — шұғыл, ал, 30 пайызы — жоспарлы емделу мақсатында түседі.


Қазақстанда алғаш рет балалар ауруханасында ойын алаңы ашылды

ERNUR.KZ. Атырау облыстық балалар ауруханасындағы бес бөлімшеде кәмелетке толмаған науқастар үшін ойын алаңы ашылды. Оған демеушілік көмекпен 4 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған, деп жазады inform.kz.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар ауруханасында жылына 7 мыңға жуық науқас қабылданады.

Науқас балалардың 70 пайызы — шұғыл, ал, 30 пайызы — жоспарлы емделу мақсатында түседі.

«Балалары ем алатын ата-аналар тарапынан көптеген ұсыныс түсіп жүр. Соған байланысты ойын алаңдары облыстық балалар ауруханасының травматология, педиатрия, хирургия, неврология, реабилитация және оториноларингология бөлімшелерінде жабдықталды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Демеуші компанияның бас директоры Әлия Жақсылықованың айтуынша, ойын алаңдарын жабдықтау жұмысы қазан айында басталған.
«Бұл — біздің қайырымдылық шарамыз. Ауруханада емделетін балалардың ойлау қабілетін дамытуға үлсе қосықымыз келді. Сол мақсатпен ойын алаңдары балалардың ақыл-ойын жетілдіруге қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді», -дейді Әлия Жақсылықова.

Оның айтуынша, ойын алаңдарына күрделі жөндеу жүргізіп, құрал-жабдықтармен қамтуға 4 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған.