Қазақстанда алғаш рет коронавирусты екінші мәрте жұқтыру дерегі тіркелді

0
626

Ол кісі пандемияның басында ауырған.


Қазақстанда алғаш рет коронавирусты екінші мәрте жұқтыру дерегі тіркелді

ERNUR.KZ. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Әбдірахманова өңірлік коммуникациялар қызметінде айтты, деп жазады baq.kz.

Науқастардың ішінде бір адам тіркелді. Ол кісі пандемияның басында ауырған, кейін жаз айында тағы қайта ауырған, - деді ол.

Әбдірахманова бүгінгі таңда науқастар саны артып отырғанын айтты.

4 қарашадағы жағдай бойынша 7064 науқас тіркелді. Оның ішінде 3504 науқас симптомаралық. Қазан айының басында инфекциялық стационарларда 30 науқас болса, қазір олардың саны артып отыр. Ем алып жатқан науқастар саны 96-100-ге жетіп отыр, - деді ол.