4 әскери-медициналық мекеме қайтадан штаттық жұмыс режимге ауыстырылды.
ERNUR.KZ. Қазақстанда әскери медициналық мекемелерде коронавирустың таралуына байланысты қызмет еткен барлық инфекциялық және провизорлық стационарлар жабылды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Карантиндік шаралардың қатаң сақталуының арқасында жеке құрамның арасында коронавирустық инфекция жағдайларының қысқаруына қол жеткізілді. Инфекциялық және провизорлық стационар ретінде қызмет еткен барлық 4 әскери-медициналық мекеме қайтадан штаттық жұмыс режимге ауыстырылды» деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.