Қазақстанда әуе тасымалы қызметі қымбаттады

0
640

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы І тоқсанда әуе көлігімен 2,7 млн жолаушы тасымалданды.


Қазақстанда әуе тасымалы қызметі қымбаттады

ERNUR.KZ. 2023 жылғы наурыз айымен салыстырғанда сәуірде әуе билеттерінің құны 17,7%-ға қымбаттаған. Бұл мәліметті Ұлттық статистика бюросы ұсынды, деп жазады Zakon.kz.

Әуе көлігімен тасымалдаудан түскен кіріс бірінші тоқсанда 151 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге көбейді.

Айта кетейік, жолаушылар таңдаған ең танымал бағыт – Алматы қаласы болды, онда І тоқсанда 893 мың жолаушы тасымалданған, одан кейін жолаушылар елордаға жиі ұшқан – 722 мың жолаушы, үшінші танымал бағыт Шымкент қаласы – 268 мың жолаушы.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы І тоқсанда әуе көлігімен 2,7 млн жолаушы тасымалданды.

2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында әуе көлігімен тасымалданған жолаушылар саны 2 724 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш 2002 жылғы тиісті кезең көрсеткішінен 39,5%-ға артық. Осылайша, жолаушылар айналымы 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1,7 есеге өсіп, 5 513,6 млн п-км құрады.