Қазақстанда ауғанстандық банктің корреспонденттік шоты ашылады

0
290

Вице-премьер бұл қадамның қазақстандық бизнеске әсер ететінін айтты.


Қазақстанда ауғанстандық банктің корреспонденттік шоты ашылады

Фото: Instagram/ghazanfarbank

ERNUR.KZ. «Заман банкі» АҚ-да Ауғанстанның «Газанфар банкінің» (Ghazanfar Bank) корреспонденттік шоты ашылады. Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Вице-премьер бұл қадамның қазақстандық бизнеске қалай әсер ететінін айтты.

«Кеше біз өте маңызды мәселе жөнінде шешім қабылдадық. Бүгін Ауғанстандағы ең ірі банктердің бірі – «Газанфар банкінде» корреспонденттік шот ашылуы керек. Бізде «Заман банкі» бар. Енді тікелей төлемдер жүзеге асырылады», - деді Жұманғарин Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Бұл аймақпен сауда қарым-қатынасына оң әсер етеді, дейді ол.

«Осы уақытқа дейін біз қырғыз, өзбек банктерінің және Парсы шығанағы банктерінің қызметтерін пайдаландық. Олар белгілі бір көлемде маржа қалдырды. Мұны енді қазақстандық банк жасайтын болады. Бұл Ауғанстанмен ғана емес, аймақпен де саудадағы жағдайды түбегейлі өзгертеді», - деп түсіндірді вице-премьер.

Корреспонденттік шот – қаржы ұйымдары арасындағы төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті банктік шот. Банкаралық аударымдар үшін қолданылады.