Қазақстанда Бақыт министрлігі пайда бола ма?

0
531

Бақыт министрлігі бүгінде Біріккен Араб Әмірліктері, Үндістан, Венесуэла және Бутан сияқты елдерде жұмыс істейді.


Қазақстанда Бақыт министрлігі пайда бола ма?

ERNUR.KZ. Бірқатар елдердің үкіметінде Бақыт министрлігі – тұрғындардың әл-ауқатына тікелей жауапты мемлекеттік орган жұмыс істейді. Оны Қазақстанда құрудың келешегі қандай, деп жазады tengrinews.kz.

Бақыт министрлігі бүгінде Біріккен Араб Әмірліктері, Үндістан, Венесуэла және Бутан сияқты елдерде жұмыс істейді. Мысалы, БАӘ-де ол 2016 жылы пайда болды және оның қызметі Дубайда сыналды. Жаңа министрліктің алдына Әмір тұрғындары үшін қолайлы орта құру, кемсітушілікке қарсы күрес, сондай-ақ әртүрлі салаларда білім беру бағдарламалары мен инвестициялық жобаларды іске асыру міндеті қойылды. Дубайда болғандар оның қаншалықты жақсы жұмыс істейтінін айта алады.

Шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, Бақыт министрлігі – мемлекеттік орган пайдасыз емес, керісінше деп айтуға болады. Осыған байланысты Tengrinews.kz оны Қазақстан Үкіметінде құру перспективалары қызықтырды. Редакцияның ресми сауалына Ұлттық экономика вице-министрі Омарбеков Бауыржан Бақытұлының қолы қойылған жауап келді.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңның 22-бабы 2-тармағына сәйкес министрліктер Премьер-министрдің ұсынысы бойынша құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады. Сонымен бірге, қазіргі мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес жинақы кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру көзделген. Осылайша, бүгінге дейін Қазақстанда Бақыт министрлігіне ұқсас мемлекеттік орган құру күтілмейді", - делінген оның жауабында.