Қазақстанда балабақша бағасы өсті

0
1 617

Елімізде балабақшалар мен мектепге дейінгі жастағы балаларға арналған дамыту орталықтары бір жылда 5 пайызға қымбаттады.


Қазақстанда балабақша бағасы өсті

ERNUR.KZ. Елімізде балабақшалар мен мектепге дейінгі жастағы балаларға арналған дамыту орталықтары бір жылда 5 пайызға қымбаттады, деп жазады Tengrinews.kz.

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметіне сүйенсек, тамызда ата-аналар мектепке дейінгі мекемеге бір күн үшін орташа есеппен 823 теңге төлеген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,1 пайызға жоғары. Балабақша мен дамыту орталықтары ең қымбат өңірлердің қатарында Астана (бір баруына 1862 теңге), Алматы (1666 теңге) және Шымкент (1023 теңге) қалалары бар.

"Жалпы 2018 жылдың II жартысында мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызмет түрлері 84 миллиард теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,2 пайызға көп. Олардың 78,7 пайызы бюджеттік қаражат есебінен көрсетілсе, тағы 21,1 пайызы халықтың өзінің қаражатына және 0,2 пайыз жекеменшік кәсіпорындардың есебінен шыққан", - делінген сарапшылардың зерттеуінде.