Аккредиттеуден өз еркімен өткен балабақшалар аттестаттаудан босатылады.
ERNUR.KZ. Бұл туралы тамыз конференциясының панельдік сессиясында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.
Министр ведомство сапа тұрғысынан сертификаттау тәсілдерін өзгертетінін айтты. Яғни құжаттардың қалай рәсімделгеніне емес, басты мәселе ата-аналар мен мүдделі педагогтердің сауалнамасына мән беріледі.
"Аттестация сапалы көрсеткіштерге қарай өзгереді. Біз аккредиттеу мүмкіндігін қосымша енгізгіміз келеді, ерікті аккредиттеуден өтетіндер аттестациядан босатылады деп болжанады. Неліктен аккредиттеу мен аттестаттауды қатар жүргізу керек? Осыған қатысты жоспарлар бар, біз оларды талқылаймыз", - деді Аймағамбетов.
Мемлекеттік аккредиттеу - бұл кәсіптік білімнің негізгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметінің мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін растау рәсімі.
Аттестаттау педагогтердің біліктілік деңгейіне, біліктілік санаттарына қойылатын талаптарға сәйкестігін немесе кәсіби қызметін бағалау негізінде атқаратын лауазымына сәйкестігін растауға мүмкіндік береді.