Қазақстанда банктен қарыз алушылар көбейді

0
708

Заңды тұлғаларға 7 миллиард 288 миллион теңге қарыз берілген.


Қазақстанда банктен қарыз алушылар көбейді

ERNUR.KZ. Қазақстанда банктен қарыз алушылар көбейді, деп хабарлайды "Хабар-24".

Биылғы тамызда ел экономикасын несиелеу көлемі ұлғайған. Нақтырақ айтсақ, заңды тұлғаларға 7 миллиард 288 миллион теңге қарыз берілген. Жеке тұлғалар банктерден 6 миллиард 904 миллион теңге несие алды. Оның 12 миллиардқа жуығы ұзақ мерзімді. 2 миллиардқа жуығы қысқа мерзімге рәсімделген.

Сонымен қатар, тамызда шағын кәсіпкерлерге берілген несие көлемі 2 жарым пайызға артқан көрінеді. Бұл экономикаға салынған жалпы қарыздың 15 пайызына тең. Ұлттық банктің мәліметінше, төл валютада берілген несиенің үстемесі 11,9 пайыз. Жеке тұлғалардың алған сомасына 17 пайыз қосылады.