Қазақстанда батуттарды пайдалануға жаңа ережелер енгізіледі

0
928

Аттракциондардың пайдаланылуын бақылау әкімдіктерге жүктеледі.


Қазақстанда батуттарды пайдалануға жаңа ережелер енгізіледі

ERNUR.KZ. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер Үкімет кулуарында мәлімдеді, деп жазады elitar.kz.

Бұл тапсырманы Владимир Беккердің айтуынша, Президент Әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев берген.

"Батуттарға қатысты айтсам, Президент Әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев сенбі күні Ішкі істер, Инвестициялар және Индустриялық даму министрліктерінің және "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының мамандарын шақыра отырып, кеңес өткізді. Индустриялық даму министрлігіне ереже әзірлеу туралы тапсырма берілді, біз онда өз ұсыныстарымызды дайындадық", - деді Владимир Беккер.

Жаңа ережелерді кәсіпкерлерге жергілікті жерлерде түсіндіру тапсырылды. Аттракциондардың пайдаланылуын бақылау әкімдіктерге жүктеледі.