Қазақстанда бет-жүзін толық жапқан киім кигені үшін 1600-ден аса адам жауапқа тартылған

0
166

Ішкі істер министрлігі азаматтарға қоғамдық орындарда адамның жүзін тануға мүмкіндік бермейтін киімдерді киюге тыйым салынғанын еске салды.


Қазақстанда бет-жүзін толық жапқан киім кигені үшін 1600-ден аса адам жауапқа тартылған

ERNUR.KZ. Қазақстанда қоғамдық орындарда адамның жүзін тануға кедергі келтіретін киім кигені үшін 1613 азамат әкімшілік жауапқа тартылған, деп жазады stan.kz.

Ішкі істер министрлігі азаматтарға қоғамдық орындарда адамның жүзін тануға мүмкіндік бермейтін киімдерді киюге тыйым салынғанын еске салды.

Ведомство мәліметінше, бұл талап "Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" заңда көзделген және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құқықтық тәртіпті сақтауға бағытталған.

Алайда шектеу ауа райына байланысты жағдайларға, медициналық көрсетілімдерге, қызметтік міндеттерді орындауға, сондай-ақ спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу кезінде қолданылмайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабына (Ұсақ бұзақылық) сәйкес, алғаш рет ереже бұзғандарға ескерту жасалады. Егер құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, 10 АЕК (43 250 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

"Қазір аталған құқық бұзушылық үшін 1 613 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

Еске салсақ, 2025 жылдың желтоқсанында Тоқаев бет-жүзді толық жабатын маскаларға, балаклаваларға және никабтарға тыйым салуды көздейтін заңға қол қойған еді. Алғашқы құқықбұзушылық үшін ескерту беріледі. Қайталап жасалған жағдайда 10 АЕК (2026 жылы бұл – 43 250 теңгеге) айыппұл салынады. Діни киімдер, медициналық маскалар, суық мезгілде тағылатын шарфтар, сондай-ақ жұмыс барысында қолданылатын қорғаныш құралдарына тыйым салынбайды.