Қазақстанда бір жылда 227 дәрігер коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

0
1 634

Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.


Қазақстанда бір жылда 227 дәрігер коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті пандемия кезінде коронавирус пен пневмониядан қанша дәрігер қайтыс болғанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"2021 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда пандемия басталғаннан бері медицина қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясынан 121, пневмониядан 106 өлім жағдайы тіркелді", - делінген комитеттің ресми сауалға берген жауабында.