Қазақстанда бұған дейін тыйым салынған шайдың бір түрін сатуға қайта рұқсат берілді

0
72

Қаулы 2026 жылғы 2 шілдеден бастап күшіне енді.


Қазақстанда бұған дейін тыйым салынған шайдың бір түрін сатуға қайта рұқсат берілді

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен 2026 жылғы 5 қаңтардағы "Уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы" қаулысына өзгерістер енгізілді, деп жазады zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, "Empire KENIY E.P.Z. Limited" компаниясы өндіретін қоспалары бар "Al-Hayat" Gold қара шайын Қазақстан аумағына әкелуге және сатуға қойылған тыйым алынды.

Қаулы 2026 жылғы 2 шілдеден бастап күшіне енді.

Еске салайық, 2026 жылғы қаңтарда Қазақстанда шайдың он түрін елге әкелуге және сатуға тыйым салынған болатын.