Қазақстанда бүгін Әкелер күні тойланады

0
143


Қазақстанда бүгін Әкелер күні тойланады

ERNUR.KZ. Бүгін Қазақстанда Әкелер күні атап өтіледі. Бұл мереке жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде тойланып, әкенің отбасы мен қоғамдағы рөліне назар аударуға бағытталған, деп жазады Zakon.kz.

Қазақ халқының дәстүрінде әке – отбасының тірегі, балаға бағыт-бағдар беретін, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және адалдыққа тәрбиелейтін тұлға. Әкенің өнегесі мен тәлімі ұрпақ тәрбиесінде, отбасы құндылықтарын сақтауда және жас буынның азамат болып қалыптасуында маңызды орын алады.


Әкелер күні отбасы институтын нығайтуға, әкенің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін дәріптеуге және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған мерекелердің бірі саналады.

Қазақстанда Әкелер күні 2023 жылдан бері маусым айының үшінші жексенбісінде ресми түрде аталып келеді. Мереке аясында еліміздің әр өңірінде отбасылық, мәдени және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.