Алматы тұрғындары әлеуметтік желіде кейбір емханаларда коронавирусқа қарсы вакцина алу мүмкіндігі қарастырылмағанын жаза бастады.
ERNUR.KZ. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қорғайтын вакцинаның саны туралы мәлімет таратты, деп жазады sputnik.kz.
Ведомство қазір КВИ-ға қарсы вакцинамен қамту, вакциналардың жарамдылық мерзімдеріне күнделікті негізде мониторинг жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қазір Алматыда QazVac – 56 564 доза, Vero Cell – 183 548 және Pfizer – 12 504 доза бар.
Сонымен қатар денсаулық сақтау басқармаларының сұранысы бойынша күн сайын өңірлерге коронавирусқа қарсы вакциналар жеткізіледі.
Айта кетері, 11 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда вакцинаның екі дозасын 9 316 066 адам алды. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 482 науқас тіркелді.


