Евгений Больгерт премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында мектеп бағдарламасына "Қаржы сауаты" пәнін енгізуді ұсынды.
Фото: dzen.ru
ERNUR.KZ. 2025 жылы елімізде мектептегі дене шынықтыру пәнінің жаңа бағдарламасы сынақтан өтеді. Бағдарлама инклюзия негізіне назар аудара отырып әзірленеді, деп жазады stan.kz.
Мәліметтерге сенсек, бұл туралы Алматыда дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған оқыту семинарында белгілі болды. Жиынға оқу ағарту министрлігі мен ЮНЕСКО өкілдері де қатысты. Балаларды дене шынықтыру сабағына ынталандыру үшін мектептердің материалдық қорын жаңарту қажет екенін айтылды.
ЮНЕСКО аймақтық кеңсесінің сектор меңгерушісі Мақсат Байбеков "Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі" жобасы аясында осындай 500-ден астам кездесулер өткенін атап өтті.
"Іс-шараның басты мақсаты – ЮНЕСКО стандарттарына сәйкес мұғалімдердің әлеуетін арттыру. ЮНЕСКО Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы. Біз үшін спорт пен дене шынықтыру басты басымдық ретінде саналу қажет. Өйткені ұлт болашағы дені сау, мақсатты, белсенді жастарға байланысты екенін түсінеміз", – деді Мақсат Байбеков.
Еске салайық, бұған дейін сенат депутаты Евгений Больгерт премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында мектеп бағдарламасына "Қаржы сауаты" пәнін енгізуді ұсынды. Депутаттың сөзінше, елімізде интернет алаяқтығы – қылмыстың ең көп таралған түрлерінің бірі және жалпы қылмыс деңгейінің 15%-ына тең. Кейінгі жеті жылда Қазақстанда интернет алаяқтық фактілері он есе өсті.