Жолаушылар мен жүргізушілер 4 наурызға дейін DiDi такси қызметін әдеттегідей қолдана алады.
ERNUR.KZ. 4 наурыздан бастап Қазақстандағы DiDi таксиі өз қызметін тоқтатады, деп жазады ҚазАқпарат.
«Біз DiDi-дегі миссиямызды – күнделікті өмірді ыңғайлы ету деп білеміз, яғни жолаушылар мен серіктестер үшін ең жақсы сервистерді ұсынғымыз келеді. Өкінішке қарай, бұдан былай Қазақстанда мұны қамтамасыз ете алмаймыз, осыған байланысты DiDi 2022 жылғы 4 наурыздан бастап елдегі жұмысын тоқтатады», - деп жазылған компанияның Facebook парақшасында.
Жолаушылар мен жүргізушілер 4 наурызға дейін DiDi такси қызметін әдеттегідей қолдана алады.
«Біздің қызмет іске қосылған сәттен бастап қолдау көрсеткен бүкіл жүргізушілер мен жолаушыларға алғыс айтқымыз келеді. 4 наурызға дейін DiDi әдеттегідей жұмыс істейді» - деді такси қызметі.
Айта кетейік, DiDi – такси, каршеринг және райдшеринг қызметтерін көрсететін қытайлық конгломерат.
Компания 2012 жылы Бейжің қаласында құрылған.
Қазіргі уақытта компания Еуропа, Азия, Аустралия, Латын Америкасындағы елдерде миллиондаған адамға қызмет көрсетеді.