Қазақстанда екі айда 174 адам өз-өзіне қол жұмсап көз жұмған

0
188

Екі айда 21 мыңнан астам адам қайтыс болды: негізгі себептер қандай.


Қазақстанда екі айда 174 адам өз-өзіне қол жұмсап көз жұмған

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 21 121 адам қайтыс болған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Есепке сәйкес, 13 273 адам қалада, ал 7 848 адам ауылдық жерлерде көз жұмған. Яғни, өлім-жітім қалалықтар арасында жоғары болып отыр.

Өлім-жітімнің негізгі себептері:

  1. Қан айналымы жүйесі аурулары – 5 260 адам
  2. Жүйке жүйесі аурулары – 3 563 адам
  3. Тыныс алу мүшелерінің аурулары – 2 263 адам
  4. Жаңа түзілімдер (ісік, қатерлі ісік және т.б.) – 2 237 адам
  5. Жүрек аурулары – 1 838 адам
  6. Ми қан тамырларының зақымдануы – 1 701 адам
  7. Ас қорыту жүйесі аурулары – 1 648 адам
  8. Жазатайым оқиғалар, уланулар мен жарақаттар – 1 335 адам
  9. Қант диабеті – 818 адам
  10. Тұмау және өкпе қабынуы (пневмония) – 665 адам
  11. Инфекциялық және паразиттік аурулар – 160 адам
  12. Гипертония (жоғары қан қысымы)– 118 адам
  13. Ішек инфекцияларынан – 4 адам

Басқа да тіркелген өлім себептері:

  • Жол апатынан – 224 адам
  • Суға батып қаза тапқандар – 13 адам
  • Өз-өзіне қол жұмсағандар – 174 адам
  • Қасақана кісі өлтіруден қайтыс болғандар – 67 адам
  • Алкогольден уланғандар – 54 адам

Мамандардың айтуынша, қоғамдық денсаулықты сақтау және аурулардың алдын алубойынша шараларды күшейту қажет. Әсіресе жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және жүйке жүйесі ауруларыбойынша алдын алу мен ерте диагностика маңызды болып отыр.