Қазақстанда екі министр халықпен міндетті кездесуден босатылуы мүмкін

0
577

Егер орталық атқарушы органның бірінші басшысы белгіленген уақытта объектив себептермен кездесуге қатыса алмаса, онда оның орынбасары жіберіледі.


Қазақстанда екі министр халықпен міндетті кездесуден босатылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының "Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Ұсынылған түзетулер жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, деп жазады tengrinews.kz.

Қолданыстағы қаулыға сәйкес, орталық атқарушы органдардың басшылары (қорғаныс министрліктері мен сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) жыл бойы тұрақты түрде халықпен кездесулер өткізіп тұруы тиіс. Енгізілген түзетулерге сәйкес Төтенше жағдайлар және Ішкі істер министрліктеріне де олардың жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып, ерекшеліктер енгізу ұсынылған.

Сондай-ақ, орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулер кестесін қалыптастыру және бекіту тәртібін өзгерту көзделген.

Түзетулерге сәйкес, жарты жылда бір рет, 1 желтоқсан мен 1 маусымға дейін жергілікті атқарушы органдар өңірдегі ахуалды талдау негізінде халықты толғандыратын мәселелердің тізбесін, күн тәртібін, кездесулерді өткізу орны мен күндерін айқындайды, содан кейін кесте жасалады.

Егер орталық атқарушы органның бірінші басшысы белгіленген уақытта объектив себептермен кездесуге қатыса алмаса, онда оның орынбасары жіберіледі.