Қазақстанда ЭКО-ның көмегіне жүгінген ерлі-зайыптылар өз эмбриондарынан бас тартып жатыр

0
734

Квотаны оңды-солды пайдаланып жатқан жұптардың саны артқан.


Қазақстанда ЭКО-ның көмегіне жүгінген ерлі-зайыптылар өз эмбриондарынан бас тартып жатыр

Елімізде ЭКО-ның көмегіне жүгінген ерлі-зайыптылар енді өз эмбриондарынан бас тартуда. Отандық танымал репродуктолог осылай деп дабыл қағып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Жасанды жолмен бала көтеру процесі кезінде кейбір жұптар ажырасып жатса, кейбір әйелдер қатырып қойған эмбрионнан бас тартып, жаңа квотамен басқа ұрық салдырамыз деп әлек шығарады екен. Бұл елімізге танымал репродуктолог Салтанат Байқошқарованың жанайқайы.

Оның сөзінше, квотаны оңды-солды пайдаланып жатқан жұптардың саны артқан. Мемлекеттің қыруар қаржысына қарамастан, әлгі ерлі-зайыптылар қатырылған эмбриондарын іздеп келмейді. Кейбірі жаңасын салдырамыз деп ақталатын көрінеді. Маманның айтуынша, жасанды ұрықтандыруға жүгінген ата-аналарын іздегенде түрлі жағдайдаға тап болған.
"Біз ревизия жасай бастадық. Эмбриондардың ата-анасын іздедік. Біреуі туып алдық, керек жоқ. Біреуі ажырасып кеткен. Тастанды эмбрион деген, ол да тастанды бала есебінде", - дейді биология ғылымдарының докторы, репродуктолог дәрігер Салтанат Байқошқарова.
"Мынау квота басталғалы бір 3-4 әйелден былай деп естідік. Біздің қатырлған эмбриондарымыз бар, бірақ квота аламыз. Анау эмбрион керек жоқ, бізге свежий салу керек деп жатады", - дейді Салтанат Байқошқарова.
Мемлекет бала сүюге арналған бағдарламаға едәуір қаржы бөлгені белгілі. Квотадан бас тартып, бірақ қайта қатысуға үміттенгендер жайлы денсаулық сақтау министрлігі былай дейді:
"Жалпы бөлінген ЭКҰ квотадан өз еркімен бас тартқан пациенттер болған жоқ, бірақ денсаулығына байланысты медициналық көрсеткіш бойынша бағдарламадан шығарылған пациенттер бар. «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы аясында бір отбасы экстракорпоралдық ұрықтандыруды бір жылда бір рет алуға мүмкіндігі болады. Егер бағдарлама нәтижесіз болса, кезекке қайта тұрып, келесі жылдарға қайта жоспарлауға болады".
2021 жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасына 7000 квота бөлінді. Есеп-қисапқа жүгінсек, бұл мақсатқа жалпы 6,2 миллард теңге жұмсау жоспарланған. Соңғы 9 айдың ішінде қаражаттың 3,6 милларды ЭКО процедураларына жұмсалыпты. Нақтырақ айтсақ, 3795 отбасы экстрокорпалальдік ұрықтандыру процедурасын толықтай өткен. Ал 1 емнің орташа құны 945 622 теңге екен.
"ЭКО-ның әртүрлі әдістері бар. Емдеудің тәсілдері бар. Әрқайсыының тәсілен қарай, дәрі-дәрмек, лабороториялық көмек, медициналық әртүрлі болады. Орташа еспепен 900 мыңнан асады. Егер де әйел сақтандырылған деген сантта болса, учаскелік дәрігерге барып шағымын айта алады", - дейді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ медициналық көмектің сапасын бақылау департаментінің директоры Ляззат Шоманова.
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес, еліміз бойынша 14 000 әйел бедеулікпен есепте тұр. Биыл 5 581 әйел ЭКО процедурасына жіберілген. Осы ретте Алматы қаласы, Түркістан және Алматы облыстары квота алу бойынша көшбасында тұр екен.