Қазақстанда электр қуатының шекті тарифтері қайта көтерілуі мүмкін

0
560

Ведомство қазір бұл өтінімдер қаралып жатқанын мәлім етті.


Қазақстанда электр қуатының шекті тарифтері қайта көтерілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Бүгін, яғни 2023 жылғы 7 желтоқсан күні ҚР Энергетика министрлігі электр энергиясына тарифтерді түзету туралы ақпараттық хабарлама таратты, деп жазады Zakon.kz.

Хабарламада елде электр қуатының шекті тарифтері тағы көтерілуі мүмкін екені айтылған.

"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес 24 энергия өндіруші ұйым (ЭӨҰ) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифті түзетуге өтінім берді... Берілген өтінімдерге сәйкес Қазақстан бойынша ЭӨҰ шекті тарифтерінің орташа өсуі кВтсағ үшін орта есеппен 2 теңге болады".ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Ведомство қазір бұл өтінімдер қаралып жатқанын мәлім етті.

ЭӨҰ деректері бойынша, түзету компанияға тәуелді емес шығындардың өсуіне байланысты. Атап айтқанда өтінімдерде тасымалдауды ескере отырып, отынға (көмірге, газға) арналған шығындардың өсуі байқалады.Электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындардың жалпы көлемінде отынға жұмсалатын шығындар шамамен 60%-ды құрайды.

"Шекті тарифтердің жобалары сонымен қатар елдегі инфляция деңгейіне сәйкес келетін өндірістік персоналдың жалақысының өсуін ескереді. ЭӨҰ персоналының саны шамамен 50 мың адамды құрайды. Бұл ретте білікті персоналдың тапшылығы 30%, бұл сектордағы кадрлық тапшылық пен төмен жалақының салдары болып есептеледі".ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Бұдан басқа, ведомство өкілдерінің түсіндіруінше, тарифтің ұлғаюы жөндеу науқанын жүргізу және энергия өндіруші объектілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті материалдар мен жабдықтарды сатып алу және тасымалдау құнының өсуіне байланысты.