Қазақстанда енді жаяу жүргіншілердің де мастығын тексерілмек

0
120

Жаңа ережеге сәйкес, тексеруге жолдама электронды түрде рәсімделеді.


Қазақстанда енді жаяу жүргіншілердің де мастығын тексерілмек

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. 16 қыркүйектен бастап жүргізушілердің мастығын тексеру ережелері жаңарады. Бұл өзгерістер жаяу жүргіншілерге де қатысты болмақ, деп жазады stan.kz.

29 тамызда "НҚА-ның эталондық бақылау банкі" порталында ІІМ-нің жаңа бұйрығы жарияланды. Құжатта "Жол қозғалысына қатысушыларды мас күйінде болуына тексеру тәртібі" анық көрсетілген.

Бұрынғы ереже тек көлік жүргізушілері мен шағын көлік басқарушыларға қатысты болса, жаңа ережеде тексеруге жол қозғалысына қатысушылар, яғни жаяу жүргіншілер мен мопед жүргізушілері де енуі мүмкін екені көрсетілген. Алайда олар анық мас күйінде болса, қандай жаза қолданылатыны белгісіз.

Жаңа ережеге сәйкес, тексеруге жолдама электронды түрде рәсімделеді. Куәгерсіз тексеруге болады, бірақ міндетті түрде: видео немесе аудио жазба жасалуы керек. Адамның жазбаша келісімі қажет.

"Егер жол қозғалысына қатысушы адам тексеруді куәгерсіз өткізуге немесе оның нәтижесіне келіспесе, ол мемлекеттік медициналық мекемеге жіберіледі", – делінген жаңа ережеде.

Мас күйде көлік жүргізгендерге:

  • 15 тәулікке қамау, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
  • Егер біреуге зиян келсе – 20 тәулікке қамау, куәлігінен 7 жылға айыру
  • Қайталанса – 25 тәулікке қамау, куәлігінен 9 жылға айыру жазасы қарастырылады.

Кейбір жүргізушілер жазаны жеңілдетуді сұраған. Депутаттар да мұны қолдады. Бірақ ІІМ бұл ұсынысты қабылдамады. Яғни, жаза өзгермейді.