Бір қызығы, бүгінде ер адамдардың көбі балалы болғанды қаламайды.
ERNUR.KZ. Қазақстанда әрбір 10-шы отбасының ажырасуының себебі белгілі болды, деп жазады Stan.kz.
Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, академик Вячеслав Локшин Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да медициналық журналистика курстарында сөйлеген сөзінде елімізде бедеуліктің жиілігі шамамен 15% құрайтынын, бірақ бедеулік тіркелмеген соң Қазақстанда осы патология бойынша нақты деректер жоқ екенін хабарлады.
"Жыл сайын мамандарға шамамен 20,5 мың жұп жүгінеді, олардың 40-45%-ы қосалқы репродуктивтік технология (ЖРК) жүргізуді қажет етеді. 100 некенің 34-і ажырасып кетті, олардың 10% ажырасу себебі ретінде балалардың болмауын атаған", - деді Локшин.
Сонымен қатар, маман психологиялық мәселелерді атап өтті.
"Бір қызығы, бүгінде ер адамдардың көбі балалы болғанды қаламайды, болашақ үшін қорқады", - деді Локшин.
Оның пікірінше, балалы болуды ынталандыратын жаңа отбасылық саясат керек.