Қазақстанда есірткіге тәуелділер емделетін жер таппай жүр

0
538

Қазір мамандандырылған клиникалар провизорлық орталықтар ретінде жұмыс істейді.


Қазақстанда есірткіге тәуелділер емделетін жер таппай жүр

ERNUR.KZ. Есірткі мен алкогольге тәуелді қазақстандықтар таңдау құқығынан айырылды. Қазір мамандандырылған клиникалар провизорлық орталықтар ретінде жұмыс істейді. Ал мұқтаж азаматтар тек психикалық диспансерлерде тегін емделе алады. Бірақ науқас адамдар ол жаққа баруға дайын емес. Бұл ретте жеке наркологиялар COVID-пен ауыратын науқастардың келуін күтуде, деп жазады Stan.kz.

Иванның ұлы ішімдікке тәуелді. Ол кәсіпкер екен, бірақ пандемияға байланысты қиын жағдайға тап болған. Алайда, ұлы ішімдікке бұған дейін де тәуелді еді. Бірақ ол кезде жекеменшік наркологиялық орталықта емделуге қаражаты болған. Қазір Иван не істерін білмей жүр. Ұлын наркология бөлімі бар психикалық диспансерге жатқызғысы келмейді.

"Қазір оны жекеменшікке жатқызуға шама жоқ. Неге бізге таңдау бермейді? Неге бізді психикалық диспансерге жібереді", - деді Иван.

Республика аумағындағы барлық наркология орталықтар дерлік провизорлық стационарларға айналған. Ондағы қызметкерлер енді психикалық диспансерлерде жұмыс істейді. Жекеменшіктегі мамандар көмектескісі келеді-ақ, бірақ олардағы төсектің бәрі коронавирус жұқтырғандарға арналған.

"Жалақы алмаймыз, қазір демалысты жүрміз. Табыс болмағандықтан жалақыны да, жалға алу ақысын да төлей алмай отырмыз. Біз шығынға батып жатырмыз", - деді жекеменшік наркологиялық орталықтың директоры міндетін атқарушы Венера Дуброва.

Пандемия басталғанға дейін министрлік мемлекеттік тапсырыстарды жекеменшік наркологияларға бару туралы нормативті құжаттарды дайындай бастаған. Бірақ коронавирус кесірен ол кейінге қалды.

Дегенмен, мұндай тәжірибе Қостанайда қолданылған. Онда денсаулық сақтау қоры психикалық денсаулық орталығына ақша бөледі, сол жерден науқас өзі қалаған наркология орталығына қаржыны аудара алады. Басқа аймақтарда мұндай таңдау жоқ.

"Қостанай облысында қандай айырмашылық бар екенін білмеймін, бірақ, біз кешенді тариф бойынша қызмет көрсетеміз. Бұл психиатрдың, наркология маманының кезегінде тұрған адамдар. Жеке жағдайларға қаржы бөлінбейді", - деді облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Дина Жакиленова.

Тек Қарағанды облысындағы наркологиялық орталықта пандемияға дейін 125 орын болған. Дәрігерлердің сөзінше, төсектер ешқашан бос тұрмаған. Жалпы, есепте 10 мың адам бар. Ал республика бойынша - 116 мың. Бірақ бұл тек ресми деректер, ал шын мәнінде, бұл сан одан да көп, дейді дәрігерлер.