Қазақстанда ішкі сауда бойынша Алматы мен Астана көш бастап тұр

0
116

2026 жылдың алғашқы бес айында бөлшек сауда көлемі 9 трлн теңгені құрады.


Қазақстанда ішкі сауда бойынша Алматы мен Астана көш бастап тұр

фото: Пресс-служба министерства труда и социальной защиты Казахстана

ERNUR.KZ. Қазақстанның ішкі саудасы тұрақты өсім көрсетіп отыр, деп жазады sputnik.kz.
"2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі сауда саласында тұрақты оң динамика сақталды. "Сауда" саласының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,6%-ды құрады", - деп жазылған хабарламада.
Статистика мамандарының айтуынша, есепті кезеңде көтерме сауда көлемі 19,6 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға артты. Бұл көрсеткіш елдегі сауда белсенділігінің өсуіне және экономикалық белсенділіктің нығаюына елеулі үлес қосты.
Бөлшек сауда саласында да оң үрдіс жалғасып жатыр. 2026 жылдың алғашқы бес айында бөлшек сауда көлемі 9 трлн теңгені құрап, нақты мәнде 3,6% өсті.
Сауда көлемі бойынша жетекші өңірлер қатарында Алматы (жалпы көлемдегі үлес салмағы – 34,5%) және Астана (13,9%) қалалары, сондай-ақ Атырау (11,5%) және Қарағанды (6,1%) облыстары мен Шымкент қаласы (5%) бар.