Әлеуметтік желіде "қазақстандық Робин Гудтың" ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.
Сурет: Instagram/ qazaq_robin_hood
Әлеуметтік желіде "қазақстандық Робин Гудтың" ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Айтуларынша, қордың мұқтаж жандарға көмектесу үшін жинаған ақшасы өз мақсатына жұмсалмағанын айтып, бірден бірнеше адам полицияға хабарласқан.
Алматы полициясы жағдайға қатысты түсініктеме берді.
"Алмалы аудандық полиция бөлімінің полиция бөлімі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады", – деп хабарлады департаменттегілер.
Ал, жақын арада қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайратқа қатысты сот процесі басталады. Тергеу аяқталып, іске қатысушылар материалдармен танысып жатыр. Келтірілген шығын көлемі 3,5 млрд теңгені құрады. Бастапқыда ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді. 2025 жылдың 21 ақпанында ҚMА Перизат Қайратқа қатысты жаңа істің жай-жапсарын ашты.