Жоспар бойынша зауыттағы өндірістің жергілікті үлесі жыл сайын артып отыруы керек болған.
ERNUR.KZ. Индустрия және инфрақұрылым вице-министрі Азамат Бейспеков Қазақстанда калашников автоматын шығару өндірісінің тоқтағанын растады, деп жазады stan.kz.
Вице-министрдің айтуынша, Ақмола облысында "Тыныс" кәсіпорны пулемет шығарумен айналысты. Дегенмен, қазір ол жерде белсенді өндірілетін өнім жоқ. Өйткені нарық та, сұраныс та шектеулі.
Сондай-ақ, ол жоспар бойынша зауыттағы өндірістің жергілікті үлесі жыл сайын артып отыруы керек болғанын жеткізді.
"Алайда, айтқанымдай, қажеттілік шектеулі. Қазіргі таңда елімізде қару-жарақ экспортына шектеу қойылғанын білесіздер. Сондықтан, өндіріс қазір уақытша тоқтатылды", — деді Азамат Бейісбеков.
Бұған дейін Қазақстанда атыс қаруының шығарылатыны хабарланған болатын.