Қазақстанда қанша бала түрмеде отыр - ресми өкіл жауабы

0
805

Биыл 665 балалар қылмысы тіркелген.


Қазақстанда қанша бала түрмеде отыр - ресми өкіл жауабы

ERNUR.KZ. Кәмелетке толмаған қазақстандықтар арасындағы қылмыстар саны 10 пайызға төмендеді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция бөлімінің бастығы Әсет Оспанов мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

2014 жылы кәмелетке толмағандар бойынша 3 533 қылмыстық іс тіркелді, 2015 жылғы бұл көрсеткіш - 2 923, 2016 жылы - 3 291, 2017 жылы - 3 121, 2018 жылы - 2 920, 2019 жылы - 2 645, ал биыл балалар 665 қылмыс жасаған, яғни кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 10%-ке төмендеген, - деді Әсет Оспанов Facebook-тегі онлайн-конференция барысында.

Оның айтуынша, түрмеде шамамен 40 жасөспірім бар, жыл басында олардың саны 42 болған.