Қазақстанда кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін баспананың бағасы өседі

0
200

2024 жылы 19 тамызда тұрғын үй сатып алу құрылысын қаржыландыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.


Қазақстанда кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін баспананың бағасы өседі

ERNUR.KZ. "Отбасы Банк" АҚ басшысы Ләззат Ибрагимова Қазақстанда кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үй бағасының қымбаттауы сатып алуға қалай әсер ететінін айтты, деп жазады stan.kz.

2024 жылы 19 тамызда тұрғын үй сатып алу құрылысын қаржыландыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес құрылыс құны Астанада 320 мың теңгеден 380-390 мың теңгеге дейін өсті. Өзге өңірлерде 350 – 360 мың теңге, ал тағы бір жерде 380 мың теңгеге дейін көтерілді.

"Бағаның көтерілуі барлық жобаларға қатысты емес. Бұл тек "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ жүзеге асыратын сатып алу құқығымен кешенді дамыту және жалға берілетін тұрғын үй жобаларына қатысты. Қалғандары үшін баға параметрі өзгерген жоқ. Бізде "Отбасы банк" арқылы өтетін халықтың әлеуметтік осал топтары бар. Олардың қалталарына ауыртпалық түспеуі үшін және олардың тұрақты табысы жоқ", – дейді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бас сарапшысы Марат Жарболов.

Қазақстан Құрылысшылар одағы президиумы төрағасының орынбасары Валерий Лакисовтың сөзінше, қазір елімізде 125 мың шаршы метрге жуық жалдамалы тұрғын үй тапшылығы сезіліп жатыр.

"Құрылысшылар одағы құрылыс салушылардан жалдамалы тұрғын үй сатып алу құнын 380 мың теңгеге көтеруді ұсынып отыр. Яғни, бұл әкімдіктерге болашақта жалға берілетін тұрғын үйді нарық бағасынан төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Бірақ бұл құрылыс компанияларының болашақта негізгі қызметі бойынша шығынсыз дамуына әсер етеді. Өңірлерде бұл баға шаршы метрге 360 мыңнан кем болмауы керек", – деді ол.

"Отбасы банкінің" басшысы Ләззат Ибрагимова бұл шараның қазақстандықтарға қалай әсер ететінін айтып берді.

"Жалдамалы тұрғын үй бағасының көтерілуі, құрылыс салушыға жақсы, ал енді біріне жаман. Бір жағы бюджетке ауыртпалық түседі. Мәселен бұрын ол 2 миллиардқа 100 пәтер сатып алса, қазір сол 2 миллиардқа 80 пәтер сатып алды делік.. Жалға алатын, кезекте тұрған адам, айырмашылықты сезінбейді. "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша неге олар бағаны көтермеді? Өйткені тұрғын үй бірден берілетін және ипотеканы лезде төлей бастайтын бірден-бір бағдарлама – "Шаңырақ" және "Бақытты отбасы" бағдарламалары. Онда бағаның өсуі бірден ипотекалық төлемде көрінеді, сондықтан несиелік тұрғын үй бағасы көтерілмеді", - деді ол.