Қазақстанда кімдерге алғаш рет 830 мың теңгеден төленетіні белгілі болды

0
2 058

​Астаналық мұғалімдер осы жылы алғаш рет "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі" медалімен марапатталады.


Қазақстанда кімдерге алғаш рет 830 мың теңгеден төленетіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Биыл "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі" медалімен марапатталғандарға 830 мың теңгеден төленеді. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов тамыз кеңесінде мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

Биыл елордалық мұғалімдер алғаш рет "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі" медалімен марапатталады. Медаль иелеріне 830 мың теңгеден (300 АЕК) төленеді.

Көлгінов осы жылдың қаңтарынан мұғалімдердің жалақысы 25%-ке өскенін атап өтті. Айтуынша, 2024 жылға дейін еңбекақы 25%-ке артады.

"Былтыр біз өз тарапымыздан қайтарымсыз негізде әлеуметтік жәрдемақы түрінде 1 миллион теңге мөлшерінде 275 тұрғын үй сертификатын бөлдік. Осы жылы да мұғалімдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектесеміз", - деді әкім.

Ол былтыр жұмысын енді бастаған мұғалімдер үшін 350 орындық жас педагогтар үйі салынғанын айтты.

Ал биыл "Қазақстан ипотекалық ұйымымен" бірлесіп 1 мың әлеуметтік пәтерді сату туралы келісімге қол қойылған. Бұл баспанаға мұғалімдерден басқа медицина қызметкерлері, полицейлер, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және спорт қайраткерлері де үміткер бола алады.