Қазақстанда қоғамдық орындарда никаб пен қысқа шалбар киюге тыйым салынуы мүмкін

0
633

Аида Балаева дін туралы заңның кейбір нормаларын қайта қарауға күш салатынын айтты.


Қазақстанда қоғамдық орындарда никаб пен қысқа шалбар киюге тыйым салынуы мүмкін

ERNUR.KZ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізде дінге қатысты мәселелер мұқият зерттелетінін айтты. Оның айтуынша, қоғамдық орындарда никаб пен қысқа шалбар киюге тыйым салу мүмкіндігі қарастырылып, зерттеледі, деп жазады zakon.kz.

Аида Балаева бүгінде діни мәселелер өте өзекті болып кеткенімен келісіп отыр. Министр мектептердегі хиджаб киюге қатысты бұған дейін де түсініктеме бергенін еске салды.

"Мәселе халықтың діндарлығында емес, діни сауатсыздығында. Әрине, бүгінде дәстүрлі емес діни ағымдардың дәстүрлі ағымдармен қатар өте белсенді жұмыс істеп жатқанын көріп отырмыз. Министрлік тәулік бойы мониторинг жүргізеді, әсіресе әлеуметтік желілерде. 1 қаңтардан қыркүйектің соңына дейін интернетте терроризм мен діни экстремизмді насихаттау белгілері бар 14 860 материал анықталды. Бұл осындай діни ағымдардың күшейгенін көрсетеді. Әрине, біз депутаттардың өтінішін мұқият тыңдап, зерделейміз".Аида Балаева

Аида Балаева дін туралы заңның кейбір нормаларын қайта қарауға күш салатынын айтты.

"Бұл жерде, әрине, тағы да тұжырымдамалық аппарат туралы мәселе туындайды. Өйткені біздің қолданыстағы заңымызда "деструктивті діни ағымдар" деген ұғым да жоқ. Әрине, жұртшылықтың пікірі мұқият зерделеуді қажет етеді. Бұл бағытта бізге тек теолог мамандар ғана емес, сонымен бірге бүкіл жұртшылық та қатысып, көмектеседі деп ойлаймын. Өйткені бүгінде азаматтық қоғам институттары мен ҮЕҰ бізбен тығыз байланыста.Аида Балаева

Журналистер "Мемлекет қоғамдық орындарда никаб, хиджаб және қысқа шалбар киюге тыйым сала ма?" деп сұрады.

"Біз бұл нормаларды міндетті түрде зерттеп, ұсынамыз. Меніңше, ең болмағанда қоғамдық орындарда. Бұл бүкіл әлемде бар тәжірибе, өйткені бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Жеке тұлғаны тану қиын. Алайда бұл қоғаммен бірге зерттеледі. Ал біз уәкілетті орган ретінде осы бағыттағы жұмысты күшейтіп, заңнамалық нормаларды қатайтуға күш салатынымыз анық".Аида Балаева

Өтініштерінде дін мәселелері депутаттар тарапынан көтерілгендіктен, Аида Балаева алдағы уақытта парламентшілермен бірлескен жұмыс басталатынына сенім білдірді.

Сондай депутаттардың бірі – Ермұрат Бапи. 4 қазанда ол өз өтінішінде бірқатар өңірлердегі шағын бизнесті, әсіресе, нарықтық саудамен байланысты кәсіпорындарды уахабилер – радикалды исламдық салафизм ағымын ұстанушылар басып алып жатқанын мәлімдеді.